ЖШС «Ер-Дәуіт» балабақшасы туралы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқарата елді мекенінде «Ер-Дәуіт» балабақшасы ЖШС 02 қыркүйек 2013 жылы ашылды.
Білім беру ұйымының білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына сәйкес «Ер-Дәуіт» балабақшасында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.


Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Балабақша ғимаратында 5- топ ыңғайластырылып, 115 бүлдіршін тәрбиеленуде.
1. Кіші – «Балапан» тобы
2. Кіші – «Ботақан» тобы
3. Ортаңғы – «Балауса» тобы
4. Ересек – «Жұлдызша» тобы
5. МАД – «Көгершін» тобы
Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Ұлттық құрамы бойынша балабақшада қазақ балалары тәрбиеленеді.

Педагогикалық ұжым балаларға тәрбие мен білім берудің сапасын көтеру мен жетілдіруге байланысты мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізеді.
Тәрбиеленушілердің мемлекеттік білім беру стандартын игеру деңгейі бағдарламалардың барлық тараулары бойынша іске асырылуда.


«Ер-Дәуіт» балабақшасы мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылған оқу бағдарламасы арқылы жүргізіледі және оқу тәрбие үрдісінде жаңа әдістемелерді қолданумен қатар, қазақ тілінде білім беруді, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жаңа ұрпақ бойына сіңіруді қағида етіп ұстанатын, ал осыларды іске асыру барысында балалардың мейірім мен сүйіспеншілікке толы жайлы ортада болуына баса мән беретін мекеме. Балабақшаның педагогикалық ұжымы арнайы мамандық иесі, балаларға деген мейірімділіктерімен, өз ісіне деген ынтасымен ерекшеленетін жандардан тұрады.
Балабақшамызда педагогтардың кәсіби шеберліктерін шындауға бағытталған іс-шаралар жоспарға сай өткізіліп тұрады: педагогикалық кеңестер, семинарлар, тренингтер, ашық оқу қызметтері. Білім беру ұйымында мамандардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне тәжірибелік қызметке даярлау барысында әдістемелік көмек көрсетіліп тұрады. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа алып, әдістемелік іс-шараларды өткізудің жаңаша жолдарын іздестіруді жалғастырып отырады.


Толық күн жұмыс істейтін медбикеміз профилактикалық іс-шаралар жасап, кез-келген қиындықта алғашқы көмек көрсетуге дайын.


